Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалады?

5
(1)

«ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң «Ашық НҚА» порталында талқылауға шығарылды».

«Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты қылмыстық саясатты ізгілендіруде, жазадан толығымен немесе жартылай босату, анықталмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн қысқарту, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын тұлғалардың немесе пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалардың санының азаюы», – делінген құжатта.

Жоба мемлекетке қауіпті емес қылмыс жасаған сотталғандарды, соның ішінде әлеуметтік қауқарсыз тобындағы адамдарды босатуға бағытталған.

Енді, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 4 мыңға жуық адам бостандыққа шығуы мүмкін.

Заң 5 наурызға дейін талқылау алаңында болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button