Жаңалықтар

Серік Ақшолақов: Қазір медицина алдындағы мақсат – індеттен шығу

0
(0)

Қазір бүкіл күш пен ойды індетке қарсы жұмылдырып, халыққа дұрыс ақпарат жеткізу керек. Елде өршіген індетке қатысты Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов осылай деп пікірін білдірді, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі   ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қазір Қазақстандағы бүкіл медицинаның алдындағы мақсат – індеттен шығу. Осы жағдайдан шыққаннан кейін менің ойымша, медицинаның көп қырын қайтадан ойлану керек секілді. Әлбетте бұған дейін де медицина саласы жұмыс істемеді деп ешкім де айта алмайды. Алайда індетті ешкім күтпеді, болжап білген жоқ. Сондықтан біздің алдымыздағы міндет – санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту деген ойдамын. Сала мамандарының бұл шаруаны еңсереріне сенемін», – деді Серік Ақшолақов ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы білдірген пікірінде.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласына қатысты кодекс жобасын талқылауға медицинаның білікті мамандарының бәрі де қатысады.

«Бәрінен бұрын қазір осы жағдайдан тезірек шығу маңызды деген ойдамын. Барлық күш пен ойды соған жұмылдыру керек. Ең бірінші мәселе – халыққа дұрыстап түсіндіру керек. Себебі әр жерде әртүрлі ақпарат бар. Вирусты біреулер мойындағысы келмейді. Қазір халық дүние жүзінің барлық ақпаратын қабылдайтын жағдайда. Біреу біліп, біреу білмей әртүрлі ақпаратты таратып жатыр», – деді ол.

Серік Ақшолақов Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына енгізілетін ұсыныстардың бәрін әбден талқыдан өткізу керектігін айтып өтті.

«Қазіргі мәселе – халыққа ақпаратты дұрыстап түсіндіру. Айлап үйлеріне бармай жүрген қаншама дәрігер бар. Сондықтан көшеге шығу, қыдыру, отырыс жасау – бәрін қою керек деп ойлаймын. Әрине отбасын асырау үшін қаражат керек. Осыны ескеріп, Үкімет жұмыс орындарын ақырындап іске қосып жатыр. Соған түсіністікпен қараса деп ойлаймын. Кодекс жобасына өз саламызға қатысты ұсыныстарды енгіземіз. Ол бір күндік шаруа емес», – деді ол.

Еске сала кетсек Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде дағдарыстан кейін Қазақстан медицинаны дамытуға баса мән беретінін мәлім еткен еді. Бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс жобасына осы саланы жетілдіретін нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close