Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған әйел комадан оянып, егіздерге жүкті екенін білген

0
(0)

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласының тұрғыны коронавирус індетін жұқтырып, он күнге жуық ес-түссіз жатқан. Жағдайы жақсарып, есін жинаған ол өзінің егіздерге жүкті екенін білген деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

32 жастағы Даниель Мартин жүкітілік кезінің тоғызыншы аптасында коронавирус жұқтырған. Наурыз айында тамағы ауырған ол аса мән бере қоймаған. Бір аптадан соң, жағдайы нашарлаған әйелді ауруханаға жеткізген. Өкпесі қабынған жүкті әйелге коронавирусқа тест тапсыртады. Тест нәтижесі оң болып шығады. Осылайша өздігінен демала алмаған оған, дәрігерлер өкпесін жасанды желдету аппаратына қосады. Сөйтіп бірден жағдайы күрт нашарлаған жүкті әйел, реанимацияда өмір үшін күресуге тура келеді.

Арада он күн өткеннен кейін есін жинайды. Даниель Мартин ауырғанға дейін жүкті екенін білгенімен, құрсағына егіз бала біткенінен бейхабар екен. Қазіргі кезде ана мен балалардың жағдайы бірқалыпты екен. Азапты күндерді бастан кешкен олар, алдағы уақытта амандықта қауышатынына сенімді. Бүгінде Даниель мен Брайн Мартин үш ұл баланы тәрбиелеп отыр.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close