Жаңалықтар

Астанада инватакси саны 2 есе артады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада мүмкіндігі шектеулі 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатқанын мәлім етті, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Біз үшін ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бүгін осы санаттағы жандарға әлеуметтік және оңалту қызметтерін көрсететін түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездестім. Онда инватакси, протездік-ортопедиялық көмек, санаторий-курорттық емдеу, оңалту орталықтарының желісін кеңейту және т.б. мәселелер көтерілді.

Қазіргі уақытта қалада мүмкіндігі шектеулі 27 мыңнан астам адам оңалту көмегін алып жатыр, оның ішінде 7 мың бала бар. Елордада бірқатар әлеуметтік тұрғын үй салып жатырмыз, онда бірінші қабатта әлеуметтік нысандар ашылады: балалар орталықтары, медициналық нысандар, оның ішінде оңалту орталықтары.

Сол сияқты биыл инватакси санын 2 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз, осылайша ерекше қажеттіліктері бар жандарды көбірек қамти аламыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, ал жүйелі мәселелер бойынша министрліктермен жұмыс істейтін боламыз. Қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп, тұрғындарымыз үшін қолайлы жағдай жасау жолында бірлесіп жұмыс істейтін боламыз», – деп жазды елорда әкімі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.