Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласының жағдайы күрделі 6 аймақ бар – Ажар Ғиният

Inform.kz дереккөздеріне сүйене отырып,  бүгін ведомствоның алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аймақтарға жұмыс сапары және халықпен кездесу, азаматтарды қабылдау және ведомствоға келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, медициналық көмек сапасының стандарттарын өрескел бұзатын бірқатар аймақтар мен медициналық ұйымдардың жұмысын қатаң сынға алды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл сайын медициналық көмек сапасына қатысты 5,6 мыңнан аса арыз тіркеледі. Биыл бірінші жартыжылдықта осындай 2,8 мың арыз-шағым келіп түскен. Бұл ретте 30%-дан аса жағдайда фактілер нақтыланады. Өкінішке қарай, жағдай жақсы жағына өзгеріп жатқан жоқ.

«Бірқатар өңір медицина қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін орындауға салғырт қарауы және медициналық ұйымдардың менеджементі нашар ұйымдастырылғаны байқалады», – деп атап өтті өз сөзінде Денсаулық сақтау министрі.

Министр медициналық көмек көрсету ережелері мен стандарттарын бұзу жаппай сипат алып бара жатқанына назар аударды.

Ағымдағы жылдың 6 айында осы тектес 500-ден аса жағдай тіркелген. Сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті көбінесе жағымсыз жайттарға әкеліп соғатын клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуға қатысты 1600-ден аса фактіні анықтады.

Осылайша, министр атап өткендей, Комитетке келіп түскен орынды шағымдар бойынша аймақтарды саралау нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы ахуал мәз емес 6 аймақ анықталды.

Олар: келіп түскен шағымдардың 59% нақтыланған Павлодар облысы (№1қалалық аурухана, Екібастұз қалалық ауруханасы, Павлодар қаласындағы №3 емхана). Одан кейінгі шағым көп түсетін аймақтар: Алматы облысы (Іле, Талғар ауданының орталық ауруханасы, Қарасай ауданындағы ауданаралық көпбейінді аурухана) – 56,3%, Жамбыл облысы (Байзақ, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы, №5, №8 қалалық емханалар, Шу қаласының емханасы) – 51%, Қызылорда облысы (Көпбейінді қалалық аурухана, Шиелі және Жаңақорғандағы ауданаралық аурухана, №3 қалалық аурухана) – 44,4%, Алматы қаласы (№4 қалалық аурухана) – 35,7%, Маңғыстау облысы (Бейнеу аудандық орталық ауруханасы) – 31,3%.

Фото: inform.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.