Жаңалықтар

Түркияға аттанған жасақ елге оралды

0
(0)

Түркиядағы алапат орман өртін сөндіруге аттанған Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы жасағы елге оралды. Құрамында 16 құтқарушы бар экипаж мүшелерін министр Юрий Ильин мен ет-жақындары қарсы алды. Даламан қаласының маңындағы қызыл жалынмен күресте құтқарушылар 8 тәулік бойы бел жазбай жұмыс істеп, өрт шарпыған алқапқа барлығы 300 тоннадан астам су шашқан, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Кәсіби деңгейін жоғарылатты. Таулы мекенде ұшу үшін де кәсіби деңгей қажет. Таулы мекенде ұшу ол қауіп қой. Қазақстандағыдай емес, орман, биік таулар»,- дейді ҚР ТЖМ майоры Әсет Жылқайдаров.

«Биік таулардың арасынан ұшып өттік. Тікұшақ үшін бұл оңай жол емес. Теңіз бетіне 100 метрге дейін қашықтықта ұшқан сәттер болды. Бізбен қатар бірнеше мемлекеттің арнайы құтқару топтары жұмыс істеді. Осының арқасында жағдайды бақылауға ала алдық»,- дейді ҚР ТЖМ  Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасының басшысы Айбол Акпаров.

Арнайы жасақ АҚШ, Ресей, Испания, Швейцария, Австрия сынды бірқатар мемлекеттердің басқа экипаждарымен бірге қызмет атқарған. Төтенше жағдайлар министрі экипаж мүшелерінің әрқайсына алғыс айтты.

«Қазақстанның Түркия еліне гуманитарлық көмек көрсету аясында 2 Ми-8АМТ тікұшағы мен 16 қызметкер  Даламан қаласына аттанған болатын. Барлық шығынды Қазақстан Республикасы өтеді.  Арнайы жасақ міндеттелген тапсырманы абыроймен аяқтап елге оралғанына қуаныштымыз. Ал елдегі жағдайға келетін болсақ өңірлерден өтініш түссе, біз міндетті түрде әуе көмегін жіберіп, керекті техникалармен қамтамасыз етеміз»,-деді ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button