Жаңалықтар

Вакцина сатып алғандарға амнистия

5
(1)

Жалған вакцина құжатын сатып алғандар коронавирусқа қарсы екпе салдыра алады. Бұл жөнінде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, жауапты ведомство заң бұзған азаматтарды қудаламайды, керісінше қателігін түзеуге мүмкіндік береді. Ол үшін азаматтарға мобильді екпе бекеттеріне келіп, вакцина құжатының жалған екенін айтып, препаратты заңды түрде алу қажет. Ал, кімнен сатып алғанын мамандар тәптіштеп сұрамайтын көрінеді.

Айта кетейін, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жалған құжат сатып алғандарға рақымшылық жасау жағын талқылап жатқанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ведомство басшысы заң бұзушылыққа барған ақ халаттылар жазалануы тиіс деген еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button