Жаңалықтар

Грант алып, мақтанба!

0
(0)

Мемлекеттік білім грантын иелендім деп мақтануға асықпаңыз. Себебі, студент атанған түлектерді әлі толық тексереді. Егерде тест тапсыру кезінде талапкер шпаргалка қараса, не оған біреу көмектессе, тіпті тыйым салынған құрылғыларды қолданса барлығы белгілі болады. Өйткені, тест кезінде әр түлекті жеке бейнекамера түсіріп отырған. Білім және ғылым министрлігі мамыр айынан бері 40 баланың нәтижесін жойыпты. Бұл тексеру осы жылдың аяғына дейін жалғасады. Егер заңсыз жолмен грантқа ие болғандар анықталса, министрлік оларды гранттан айырып, оқудың ақшасын өндіріп қана қоймай, болашақта ақылы түрде де оқуға қабылдамауы мүмкін, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Академиялық адалдық» принциптері бәріне бірдей болу керек. Биылғы жылы да біз  бұл принципті жалғастырып  жатырмыз. Және де бұл бізге, бұл өте оңай, өйткені әр баланың бізде видеосы бар. Ол қалай тапсырды, қай уақытта келді, қанша минут отырды, қай орында отырды барлығын қарап отырмыз. жылға дейін уақыт бар. Сол уақытта биылғы талапкерлердің видеосын қарап, егерде осындай жағдайлар болатын болса. Егер ол қазір грантты алып қойып, оқып жатса да, оның грантын жоюға бізде мүмкіндік бар»,-деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button