Жаңалықтар

«Ол жер басқа ешкімге берілмейді»: Алматы әкімі дау турдырған «Қазақфильм» жері туралы

5
(2)

«Қазақфильмнің» территориясы синергия болып халыққа қызмет көрсетуі керек – деген Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев кешегі өткен брифинг барысында 5,5 гектар жер туралы сұраққа жауап берді.

«Ол жер бұрынғы «Қазақфильмнің» территориясында болған. Оны бөліп қарау қисынсыз сияқты. Территорияда түсіріліп жатқан жұмыстар арқылы алдағы уақытта туристер мен өзіміздің азаматтарды алып келуге болады. «Қазақфильм» мен «Этнолэнд» синергия болып халыққа қызмет көрсетуі керек. Мамандар осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Кино түсірілім барысы, актерлармен пікірлесу, сырласу, бірге жүру, локацияларды пайдалану керек. Қазір ұсыныстарды қарап отырмыз» – деді.

Ақпарат кеңістігінде жиі жазылып жатқандай Алматыдағы «Қазақфильм» территориясын жекеге беру жоспарда жоқ па, деген брифинг барысындағы журналисттің келесі сауалына Бақытжан Сағынтаев «Ол жер тозбаған, қоршаудың ішінде тұр, «Қазақфильмнің». Басқа біреу кіріп, тозып, ит-құс жүрген деген жағдай жоқ ол жерде», – деп жауап берді. Одан бөлек мемлекеттің қорына кірген. Бірақ ол жерден басқа ешкімге берілмейді ол. Тек қана осы бағытта ғана жұмыс жүргізіледі – дегенді қоса кетті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button