ӘлемдеЖаңалықтар

Үндістанда жас жұбайлар тойды әуеде жасады

4
(1)

Үндістанда коронавирус кесірінен үйлену тойын ұйымдастыра алмай қиналған ғашықтар шектеулерді айналып өтудің амалын ойлап тапты. Олар некесін ұшақтың ішінде қидырған. Жас жұбайлар шараға арнайы әуе кемесін жалдапты. Сөйтіп, неке қию рәсіміне 160-тан аса қонақ жиналған екен. Қос қанатты көліктің ішінде әлеуметтік қашықтық пен маска тағу секілді сақтық шаралары сақталмағанын айтып кету керек. Бұл оқиғаны қазір Үндістанның авиация басқармасы тексеріп жатыр. Әуе компаниясының сол күні кезекшілік еткен қызметкерлері жұмысынан уақытша шеттетілді.

Айта кетейік, бүгінде Үндістанда эпидемиологиялық ахуал нашар. Осы ретте үйлену тойларындағы мейман санын 50-ден асыруға тыйым салынған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button