Жаңалықтар

Мұқасан Шахзадаев қызметке тағайындалды

5
(3)

«Нұр-Мұқасан» тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев «Алматы Әуендері» мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы әнші Мейрамбек Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Алматы Әуендерінің» су жаңа көркемдік жетекшісі Мұқасан Шахзадаев досыммен.

Қазақ әніне 30 жылдан аса уақыт еңбегі сіңген, халықтың сүйікті ұлына айналған Мұқаш ару Алматының өнерін дамыту ісіне зор өмірлік һәм кәсіби тәжірибемен кірісіп отыр. Мұқасанға сәттілік тілейік, ағайын!», – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Көркемдік жетекші қызметін 2018 жылдан бері әнші Бахтияр Тайлақбаев атқарып келген еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button