Жаңалықтар

Шетелдік туристер Қазақстанға қызықпай отыр

5
(1)

Еліміз демалуға ең қолайлы елдер көрсеткіші бойынша аутсайдерлер қатарынан бір-ақ шықты. Тұмса табиғаты, адам аяғы баспаған шыңдары, емдік сулары мен тұздары, ыстық бұлақтары бола тұра, байтақ даламыз ешкімді қызықтырмай тұр. Түлей алмаған туризмді қалай жандандырамыз?  Еліміздің жолы жоқ демалыс орындары неге сонша қымбат? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Саяхат жасауға әрі демалуға ең қолайлы елдер қатарында Қазақстан ең төменгі балл жинап, соңғы орындардан бір-ақ шығыпты. Нақтырақ айтсақ, рейтингте қамтылған  78 мемлекеттің ішінде 76-орынға жайғасқан! Бізден кейін тек қана Ирак пен Оман орналасқан. Ал әлемде тұмса табиғаты және ыңғайлы сервисімен туристерге ең қолайлы мемлекеттердің тізімін – Бразилия, Италия, Испания бастап тұр»».

Тұралаған туризм. Әлемдік рейтингте төменгі орынға жайғасуымыздың бірнеше себеп бар екен. Сапасыз жол, көңілге қонымсыз сервис. Тіпті 3,4 жұлдызды қонақ үйлер жоқтың қасы! Қағаз жүзінде болғанымен, іс жүзінде талапқа мүлдем сай емес. Ал люкс класты қаласаңыз, қалтаңыз қалың болуы керек. Кемі миллионға жуық ақша шашуыңызға тура келеді дейді сарапшылар.

 Наталья ОГАЙ, тур фирма менеджері

Өкініштісі сол. Біздің елде  3-4-5 жұлдызды қонақ үйлердің сапасы сын көтермейді. Ал люкс класстағы қонақ үйлерге қыруар қаржы жұмсауға дайын болыңыз».

Танымал жиһанкез Динара Болат шетелден келетін туристерді қызықтыру үшін бірнеше мәселеге назар аудару керек деп есептейді.

Солардың бірі –  гидтер. Шетелде әбден дамыған бұл мамандықты бізде игергендер аз . Тіпті, ең танымал ескерткіштер мен кесенелердің тарихын жіті түсінідірп, айтатындар мүлдем жоқ дейді. Ал жолдың сапасы жайлы атпаса да болады…

Сенатар Алтынбек Нухұлы да сапасыз жолдың салдарынан тарихи ескерткіштер мен кесенелерге туристтерді тарту қиындықтар тудыруда дейді. Жол азабы демаламыз деп келген саяхатшыларды шаршатып, әбден есеңгіретіп тастайды.

Содан олар Қазақстанға қайта аттап басуға құлықсыз.  Салдарынан ішкі туризм дамымай, түлей алмай отыр.

Алтынбек НУХҰЛЫ,ҚР парламенті сенатының депутаты

Қазақстанда жылына 3 мың шақырым жол салынып жатқанда, 30 шақырымдық жолды қосу қиындық тудыра қоймас. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында киелі мекеннің қадір-қасиеті мен бабалар рухына тағзым етіп, келелі шешім қабылдауымыз керек. Этно құндылықтарды дұрыс көрсете алсақ  ішкі туризм дамып, өз кезегінде сыртқы туризмге әсер етіп, келер еді. Жол азабынан қиналады».

Айтпақшы Қазақстан 2019-2020 жылдары  да аутсайдерлердің қатарында болған. Еліміз тек Қатар, Сауд Арабия мен Оман мемлекетін артта қалдырыпты. Десе де  шетелдік бірнеше басылым біздің бірқатар көрікті жерлерімізге жоғары баға берген.

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахимов өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, британдық бэкпекер қоғамы экологиялық саяхатты ұнататындар үшін ТОП-5-тікті тізімін жариялапты. Оның ішінде Қазақстан да бар екен. Ал РИА мәліметі бойынша Қайыңды көлі әлемдегі ең әдемі таулы көлдер тізіміне кірген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button