Жаңалықтар

Дәрігерлер құрылысқа арналған костюммен емдеп жүр ме?

0
(0)

Апта басы әлеуметтік желі мен ақпарат құралдары шу ете қалды. Алматыдағы Алатау ауданы Көкорай көшесі қайта бұзылып жатыр деп тұрғындар жазды. Ол былтыр ғана осы тұрғындардың пәрменімен жасалған жол еді. Айтуларынша мердігерлер оның астына құбыр тартуды ұмытып кетіпті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Зиярат  ҚАМБАТЫР, Алатау ауданы әкімдігі аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы

Бұл жерде кәріз құбырларын салу ешқандайда ұмытылмады. Бірінші жүргізілген асфальт жабыны ол Самғау шағын ауданының жобасы болып табылса, қазіргі қазылып жатқан жұмыстар ол Шаңырақ 1 шағын ауданының жұмыстары болып табылады. Яғни, бұл жұмысты жүргізбей біз халықты сумен қамтамасыз ете алмаймыз».

Яғни қазіргі жолды қазып тастағандары екінші жоба екен. Бірінші жоба аяқталмай жатып екіншісін бастап кеткендеріне жол болсын. Сайып келгенде қолайсыздықты кешіп жатқан тұрғындар емес пе?

Тағы осы Алматыда шу. Дәрігерлерге құрылысқа арналған костюмдер не үшін қажет болды? Әрине қажет емес. Ендеше 90 млнға не үшін сатып алды? Ендігісін Айдана Үсенбай тоқпақтап берсін.

Жұрт вируспен күресіп жүргенде, Бекшин мырза орынбасарымен тайталасып әлек.
АҚШ-тың әлгі сериалы есіңізде ме? Сол секілді, екеуінің арасындағы кикілжің  бара, бара санта-барбара болып барады.
Ал, желідегілер болса қызық көріп оқиға желісі енді қалай өрбиді екен деп, қос дәрігердің сөзін бағуда.
Хош. Дау неден басталып еді?

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті  былтыр мамырда 90 миллион теңгеге дәрігерлерге қорғаныш костюмдерін алған. 12-мыңға жуығын. Оның 5-мыңдайын таратып үлгерген кезде, жемқорлықпен күресіп жүргендер қойманы тексермекке бел буады ғой. Жалғыз емес.

Рафаэль ГАСАНОВТЫҢ жеке парақшасынан

Прям на лестнице поздороваемся. Мы уже в эфире работаем. Так что благодарю за открытость!
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшинді ертіп алған топ, алынған тауарлардың сапасын саралайды. Қызықтың көкесі сол кезде басталып…

Рафаэль ГАСАНОВТЫҢ ЖЕКЕ ПАРАҚШАСЫНАН
-Это сииз да?
-Он ваше соответсвует по вашему мнению?
-Нет конечно, он должен быть ламинирован сверху, не пропускать воду.

Таяқ жерге тасталып.

Рафаэль ГАСАНОВТЫҢ ЖЕКЕ ПАРАҚШАСЫНАН
Вот протекает.
Дәрігерлерді вирустан қорғайтын костюмдер құрылысқа арналған болып шығады.
Десе де, бас санитар саспай. Әдептен аспай. Байсалды, байыпты түрде, топпен бірге есебін орынбасарынан сұрады.

Рафаэль ГАСАНОВТЫҢ ЖЕКЕ ПАРАҚШАСЫНАН
Почему нет Жандарбек Мұхтарович! Сейчас если к безсимтомникам ходить, почему нельзя?
-ну это же покупали для очагов? Вы тогда дайте поручение чтоб в очаги в них ходили! Можете дать!
-Я и сама в них ходила! И вы ходили!
-Я не ходил!

Бекшин мырзаның айтуынша, ол бұл костюмдерді кимеген. Тіпті, оларды пайдаланудан бас тартқан. Талаптарға сай емес деп өнімді жеткізушілерді де сотқа берген. Бірақ, «Жеңіліп қалдық» десе, орынбасары Әсел ханым тауарларды Бекшин мырзаның өзі таңдап алған деп айды аспаннан бір-ақ, шығарды.

Әсел  ХАЛЫҚОВА, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Мемлекеттік сатып алу конкурстарын жеңіп алғандармен барлық келіссөздерді Жандарбек Бекшин мырзаның өзі жүргізді. Және жеке қорғауыш заттардың бірнеше түрін өзі таңдап алды.

Жә, Жандарбек Бекшин орынбасарымен айтысып жүргенде, тәртіп сақшылары Жұмабектің бажаларымен арпалысуды жалғастырып жатыр.

Соңғы кезде олардың да қарасы көбейіп кетті ғой. Бұрын жолдың қарсы бағытына шығушы еді. Қазір, жаяу жүргіншілер жолағына түсуді трендке айналдырды.

Бұлар неге жаппай тратуарға түскіш болып кетті десек…. 

Ана жақта ремонт болып жатыр.
-Е, қой е тексереміз қазір!

Жол демекші жол жөндеу қарқын ала бастады. Кездейсоқ емес.

ЖОЛДАРДЫҢ ЖЫРЫ БІТЕР ЕМЕС

Мемлекет басшысы елдегі жолдардың сапасына шүйліккелі біраз болды. Жеке бақылауыма алам деуі сол-ақ екен, апта басында «Казавтожол» компаниясының басшысы Ұлан Әліпов қызметінен кетті. Жаңа басшы келді.

Сіздерді қайдам, ес білгелі жергілікті жолдардың да жыры таусылғанын көрмеппін.
Мәселен жуырда ғана, астананың қақ ортасында көлік жердің астына түсіп кетті.

Бас қаладағы жағдай осындай болса, басқа қалаларды қайдам. Ахуал әсіресе, Ақтөбе, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында мәз емес ау! Өйткені, дәл осы өңір басшыларының орынбасарлары  да орынтақтарын босатты осы аптада!

 

Жұмамұрат ШӘМШІ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ

Өйткені бұл біреулердің бизнесі. Қыста қар, көктеммен күзде жаңбырдың суы. Мүлкіп, тұрады да жолды құртады. 14 облысқа бардым, Қазақстанның барлық жері шұрық тесік. Ікім қаралардың жекеменшік бизнесіне айналғалы қай заман!»

Жә, жағдай осымен түзелсе жақсы ғой! Оны уақыт көрсетеді. Анығы бұл шаралар біраз шендіге сабақ болары хақ. Әйтпесе, өзі жерде болғанымен, ойы аспанда қалықтап жүретіндер көп бізде!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button