Жаңалықтар

«Грейг» қызғалдағын жұлғандарға енді жаза қатаң болады

5
(1)

Айыппұлдың өсуі тәртіп бұзушылықты қаншалықты тыяды!?

Бұл әлеуметтік желіде көп тараған қызғалдақ видеосына қатысты пайым. Ал өсімдіктің бұл түріне зиян келтіретіндердің санын азайту үшін Түркістан облысында қандай шаруалар атқарылып жатыр? Жылда жайқалып өсетін қызғалдақпен суретке түсетіндер биыл енгізілген бұл заңды түсіне алмай әлек, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қыр қызғалдағы жайқалып, көзге ұрып тұрған бұл орын «Шұбайқызыл» деп аталады. Бұл көркі көз тартатын өсімдіктің түрі жақсы сақталған облыстағы бірден-бір орын. Алайда өткен күннің естелігін еске алсақ, бүгінгі жағдай көңіл көншітпейді.

Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақ әсіресе, бұл шоқыда көп көрінетін. Биыл көктем кеш келіп, ауа райының суық болуымен жылдағы дәстүр кешеуілдеді. Сәуір айында жайқалып өсіп, аумақты қызыл кілемге бөлейтін «Грейг» қызғалдағы бұл маңның символына айналып кеткені қашан. Шет мемлекеттің туристері де осы сұлулықты тамашалауға арнайы келіпті. Дархан даланың құдіретін көріп, тамсанған олар қазақ табиғаты кімді де болсын қызықтырмай қоймайды дейді.

 Питэр Вис, турист

Мен далада еркін өскен жабайы қызғалдақтарды бірінші рет көріп тұрмын. Өте әдемі көрініс. Біздің Нидерландта қызғалдақтар арнайы егістікте ғана өседі. Тарихымызға көз салсақ, бізге бұл өсімдіктердің түрі түрік елінен әкелінгені көп айтылады. Енді жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған қызғалдаққа қатысты қылмыстық істі сөз етсек. Себебі соңғы уақытта желіде көп тараған ақпарат бұл. Құзырлы орган өкілдері Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктің бұл түріне қатысты айыппұл көлемін ұлғайтты. Табиғаттың осы бір кереметін жұлғандарға жаза қатаң.

Ұласбек Кембаев, Сайрам-Өгем табиғи ұлттық паркі Түлкібас аудандық филиалының директоры:

«Грейг» қызғалдақтарын қорғау, көбейту мақсатында жұлған азаматтарға айыппұлдың бағасы жоғарылады. Бұдан былай, бұл маңда учаскелік полицияның қызметкерлері мен табиғатты қорғау саласының мамандары тәулік бойы күзетеді. Тіпті алдағы уақытта арнайы бекеттер қоюды жоспарлапты. Саяхаттаушылардың келгенін естіген олар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақтарын таратып жүр.

Сәкен Жұмабеков, учаскелік полиция инспекторы:

Бізде осы аумақты қорғау үшін ресми бекеттер қойылады. Сол бекетте полиция қызметкерлері жұмыс атқарады. Осы аумақты қарап, қадағалайды. ҚР қылмыстық кодексінің 339-бабын көп адамдар біле бермейді. Осына түсіндіреді. Қазақ даласында қызғалдақтың отыздан астам түрі бар. Тіпті «Қызғалдақтар елі» атанып кеткен Нидерландтың өзінде нақ осы гүлдің түрлері осыншалық әркелкі емес. Соған қарамастан қызғалдақ гүлi нидерландтықтар арасында аса қастерлі саналып, жоғары бағаланады. Себебі олар жыл сайын осы өсімдікті сатудан 500 миллион АҚШ доллар табыс табатынын БАҚ өкілдері жарыс жазып жүр. Ал біздегі тәртіптің қатаңдауы табиғатқа қамқорлық десек болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button