Жаңалықтар

Қазақстандық актриса Ресейде үздік актриса атанды

1
(2)

Қазақстандық Самал Еслямова Ресейдегі «Ника» кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы ең үздік актрисасы атанды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ника» ресейлік кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы үздік әйел рөлі аталымын «Айка» фильмі үшін Самал Еслямова мен «Дылда» картинасы үшін Виктория Мирошниченко жеңіп алды. 2020 жылғы жүлдені Юлия Высоцкая («Дорогие товарищи!») мен Шолпан Хаматова («Доктор Лиза») алды. Өткен жылы марапаттау салтанаты пандемияға байланысты өтпеген еді, сол себепті ұйымдастырушылар жексенбі күнгі салтанатты жағдайда жеңімпаздарды қатарынан марапаттады.

Еске салсақ, 2018 жылы Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button