ЖаңалықтарНұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан қаласында «Жер сағаты» бүкіл ғаламшарлық акциясы өтеді

0
(0)

27 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Жер сағаты» бүкіл ғаламшарлық акциясы аясында 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылады. Елорданың көптеген нысандары осы уақытта сыртқы сәндік жарықтарын сөндіреді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның негізгі мақсаты – ғаламшар ресурстарына жауапты және ұқыпты қарауға адамдардың назарын аудару. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді. Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері – Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей өз жарықтарын сөндіреді. Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, соңғы екі жыл қатарынан елдің барлық өңірлері акцияға қосылып жатыр.

Жергілікті уақыт бойынша 20:30-да елордада келесі нысандардың сыртқы сәндік жарығы өшіріледі: Астана-Арена, Алау Мұз айдыны, Барыс Арена, Қазмедиа Орталығы,  Мәңгілік Ел монументі (триумфалды арка),  NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы, Астана Опера опера және балет театры,  Сарайшық көшесіндегі М2 көпірі, Сығанақ көшесіндегі М3 көпірі, Астана-Бәйтерек монументі, Talan Towers БО, «ҚТЖ» АҚ ғимараты, Нұр-Әлем сферасы, «Хан Шатыр» СОО, «Ailand» ОДО, Mega Silk Way СОО, «Сары арқа» СОО, Назарбаев Университеті, «Жекпе-Жек» СК, «Ақ Орда» Президент Резиденциясы, Хазірет Сұлтан мешіті, ҚР Ұлттық мұражайы, Шабыт шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім  сарайы, Қазақ Елі монументі,  Оқушылар сарайы, ІІМ ғимараты, сондай-ақ 150-ден астам тұрғын үй кешені.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button