ӘлемдеЖаңалықтар

Илон Маск өзіне жазылған сыни пікірге ерекше жауап қайтарды

0
(0)

Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск твиттерде қызықты жазба жариялауымен танымал. Миллиардер бұл жолы өзіне жазылған сыни твитке тек «баклажан» эмодзимен жауап берді.

Сейсенбі күні Euro Pacific Capital компаниясының бас директоры Питер Шифф өзінің твиттерінде «Илон Маск акционерлердің ақшасынан биткойн сатып алуға 1,5 миллиард доллар ақша жұмсағанын жариялағаннан кейін, # Tesla акциясы 25 қаңтардағы ең жоғары деңгейден 20 пайыз (құлады), ал биткойн сатып алғанын жариялағаннан бері 16 пайыз төмендеді. Ол басқа директорлар үлгі алатындай мысал емес» деп жазды.

Оған Tesla бас директоры оған бір ғана баклажан эмодзимен жауап берді.

Масктың жазылушыларының көпшілігі Tesla бас директорының Шиффке қарсы жауабын қолдаған.

Шифф содан кейін Маскқа «Сіздей интеллектті адамнан мен ойын алаңында еститін жауап емес, неғұрлым ойластырылған жауап күтер едім. Бұл біздің clubhouse-та сұхбатымыз болмайды деген сөз бе?» деп жазды.

Дегенмен бұдан кейін Масктан жауап болмады.

Илон Маск жақында биткойнның бағасы «жоғары көрінеді» деп жазған твитінен кейін ол әлемдегі ең бай адам атағынан айырылды. Tesla акциялары құлдырап, Маск 15,2 миллиард долларын жоғалтты.
Дереккөз: qamshy.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button