ЖаңалықтарМаңғыстау облысы

Елімізде жаңа мұнай кен орыны ашылды

0
(0)

Маңғыстау облысында ірі мұнай кен орын ашылды. Маманның сөзінше, бұл тәуелсіздік алған 30 жылда ашылған алғашқы ең үлкен кен орны болмақ деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  өңірлік әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Аймақта ірі мұнай кен орын ашылғаны жайлы облыс басшысы Серікбай Трұмов пен кен орнын игерумен айналысатын «Меридиан Петролеум» компаниясы президентінің кездесуінде белгілі болған.

Жаңа кен орны Маңғыстау және Бейнеу аудандарының аумағындағы Тепке учаскесінде орналасқан. Маңында «Қарақұдық», «Арыстан», «Комсомольское» кен орындары бар. Мұнай кен орнына аты аңызға айналған геолог-барлаушы, Маңғыстаудағы кен орындарын ашуға атсалысқан Халел Өзбекқалиевтың есімі берілген. Алынған сынама нәтижесі мұнай сапасының өте жоғары екенін, жеңіл, құрамында күкірттің де жоқ екенін, стандартты тәсілмен алынатынын көрсеткен. Қазіргі таңда мұндағы мұнай қорын есептеу жүріп жатыр.

Компанияның мәліметінше, кен орнын іздеу жұмыстары 3 жыл бұрын, 2018 жылы басталған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button