Жаңалықтар

Әлемдегі ең жас миллиардер қыздың ұсқынсыз суреттері тарап кетті

0
(0)

АҚШ-тың 22 жастағы моделі, бизнесвумені Кайли Дженер әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің сымбатты келбетімен танымал. Алайда желіде оның бояусыз жүрген суреттері тарап кетті, – деп хабарлайды NewsRoom+  ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтее жасап. 

Желіде жарияланған суреттерді көрген бойжеткеннің оқырмандары оны танымай жатты. Карантин кезінде танымал модель опа-далапсыз құрбысына баруды жөн көрген.

«Мынау мүлдем басқа адам ғой», «Дженердің сымбаттылығы қайда кеткен» деп пікір қалдырып жатты желі қолданушылары.

Осылайша модельдің сымбаттылығының астарында бет бояуы мен өңделген сурет жатқаны әшкере болды.

Десек те кейбір желі пайдаланушылары Дженерді өзінің ұсқынсыздығына қарамастан мәз екенін байқап жатты.

Кайли Дженнер – америкалық модель, бизнесвумен және «Кадашьян отбасы» реалити-шоуының қатысушысы. Ол  Kylie Cosmetics косметика желісін құрып, үлкен табысқа қол жеткізген. 2019 жылы ол әлемнің ең жас миллиардер әйел деген атаққа ие болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close