Нұр-Сұлтанда медицина қызметкері COVID-19 жұқтырған

 173 

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Telegram-каналында Ақмола облысында коронавирус жұқтырған (26 сәуір 14:35-тегі жағдай) адамдар туралы дерек жариялады, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақмола облысының Шортанды ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған – 1990 жылғы азамат Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемесінің медицина қызметкері. Ол вирусты жұқтырған адаммен жақын араласқаны үшін тұрғылықты жері бойынша үй карантинінде 16 сәуірден бастап отырған.

Сондай-ақ, Целиноград ауданында КВИ жұқтырғандар статистикасы өзгерді. «Шапағат» АӘҚО бойынша жақын байланыста болған адамнан алынған талдау вирусты жұқтырғанын көрсетті. 1988 жылғы қызметкер 9 сәуірде карантиндік стационарға жатқызылған еді.

Екі жағдай бойынша да санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Науқастар Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылады.

COVID-19-ды Ақмола облысында 93 адам жұқтырған. Целиноград ауданында – 83, Аршалы ауданында және Көкшетау қаласында – төртеуден. Шортанды ауданында енді екі адам тіркелді.

Бөлісу:


Және де: