Жаңалықтар
ШҚО-дағы орман өрті ауыздықталды
Шығыс Қазақстан облысында «Семей орманы» резерват аумағындағы өрт ауыздықталды, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өрт 25 сәуірде 19:00-де ауыздықталды. Өрт аумағы 3948 гектар болды. Өртті сөндіруге жұмылған Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орналастыру орындарына оралып жатыр», – делінген хабарламада.
Еске салайық, орман өрті 23 сәуірде басталған. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 400-ден аса қызметкері мен 100-ден аса техникасы, сондай-ақ, дүниежүзіндегі ең үлкен тікұшақ – МИ-26Т жұмылған.