Жаңалықтар

Ухан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады

0
(0)

Коронавирус пандемиясы басталған қытайлық Хубэй провинциясының Ухан қаласында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Ухан дәрігерлері мен оларға елдің түкпір-түкіпірінен көмектесуге келген медицина қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында, 26 сәуірдегі жағдай бойынша Ухан ауруханаларында коронавирус инфекциясы бар науқас жоқ», – деді мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері комитетінің ресми өкілі Ми Фэн.

Комитет 25 сәуірде жариялаған статистикалық есепке сүйенсек, індет басталғаннан бері Хубэй провинциясында 68128 вирус (Уханьда – 50333) жұқтыру дерегі анықталған, оның ішінде 63 604 адам жазылса, 4512 адам (Уханда 3869) қайтыс болған. Сол кезде Уханда 12 науқас қалғаны хабарланған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close