ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз

Президентке өлім тілеген Қуат Найманның басы дауға қалды

0
(0)

Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ынның өлімі туралы жариялаған ақпаратқа қуаныштан қол соққан Қуат Хамитовтың басы дауға қалды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Ережесіз жекпе-жектің жұлдызы талай додада еліміздің намысын қорғап жүрген Қуат Хамитов желі қолданушылардың сынына «оңбай» ілікті. Ол американдық басылымдардың болжамынша, Солтүстік Кореяның басшысының қайтыс болғаны туралы ақпаратқа «сол секілді адамдардың кесірінен миллиондаған қарапайым халық жапа шегуде, келесі өлімді мерекедей күтем» деп жазба қалдырып, қуаныштан қол соққан суретті салған.

Алайда 32 жастағы спортшының бұл әрекетіне желі қолданушылары наразылығын білдірді. «Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле», «біреуге өлім тілеу мұсылманға жат қылық. Мұныныңыз ұят болды», «біреудің өлгеніне қол шапалақтағаныңыз қалай болғаны?», «өзің де төбелесіп, жеңіліп қалсаң, бүкіл қазақ шапалақтайды», «қандай жаман адам болса да, солай істеуге бола ма екен?» сынды пікірлерді қарша боратқан.

Спортшы ережесіз жекпе-жек алаңына шығатын кезде, қарсыласын «көміп тастайтын» әдетімен ерекшеленеді. «Найман» деген бүркеншік есіммен айқас алаңына шығып жүрген спортшы бұған дейін де әлеуметтік желіде өз ойын ашық жазып жүретіні белгілі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close