ЖаңалықтарМаңғыстау облысы

Ақтауда полицейдің 71 жастағы атасы коронавирус жұқтырды

0
(0)

Ақтауда полицейдің 71 жастағы атасы коронавирус жұқтырды, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметі бойынша, зейнеткер қазір уақытша орталыққа жатқызылған.

Бұған дейін полицейдің әйелі де вирус жұқтырғаны хабарланған. Полицейдің өзінен де COVID-19 табылған еді. Қазір олардың үйі карантинге жабылды.

Қазақстанда 26 сәуірдегі жағдай бойынша 2652 вирус жұқтыру дерегі тіркелді. Маңғыстау облысында COVID-19 27 адамнан табылған. Олардың біреуі қайтыс болса, төртеуі айыққан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close