ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз

Мейрамбаек Ернар Айдарға араша түсті

0
(0)

Жуырда әнші Ернар Айдар ұтыс ойындарын өткізіп тұрған сәтінде құқық қорғау органдарымен тұтқындалған болатын. Оған елдегі төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін айып тағылған. Сондай-ақ ойынды ұйымдастырушылар да ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда бұл келеңсіз оқиғаға өз тарапынан танымал әнші Мейрамбек Беспаев ағалық жанашырлық танытты.
«Соңғы күндері халықтың талантты ұлдарының бірі, белгілі Ернар Айдардың маңайында болып жатқан жағдайдан хабардар шығарсыздар. Мен Ернармен хабарластым. Өзі сіздерге хабар берейін десе, телефоны бұғаттаулы, себебі алаяқтар құрықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтанда мен болған жағдайды жеткізгелі отырмын. Бұл жағымсыз жағдайда алданғандар қатарында Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны болып отыр»,- деп мән-жайды түсіндірді әнші.
Сонымен қатар «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» екендігін айтып, ақкөңілдігімен алаяқтарға құрбан болған оны қатты сөкпеуін өтінген. «Өздеріңіз білесіздер, әнші ұлдарыңыз алдарыңызда талай өнер көрсетіп, қайырымдылық шараларының бел ортасында жүрді. Осындай келеңсіз жағдайға тап болған Ернар ініме сабыр тілеп, барша ағайынға Ораза айында кешірімді болуын сұраймын»,-деді ол.
Елдің сүйікті әншісі әріптестеріне жеңіл табыс табуына құмартпауын ескертті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close