Жаңалықтар

Стамбулға дельфиндер қайтып келген

0
(0)

Түркияның ең көрікті қалаларының бірі Стамбулдағы Ортакей мешіті орналасқан ауданында дельфиндердің жүзіп жүргені байқалған. Оларды қала тұрғындары видеоға түсіріп алған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовостиге сілтеме жасап.
Дельфиндер Босфор жағалауында емін-еркін жүзіп жүрген. Әдетте күнделікті өмірі қызу маңай болып саналатын жерде бүгінде тыныштық орнаған. Туристтер мен балық аулаушылардың қайықтарынан босамайтын теңізде дельфиндер рахаттанып жүзіп жүрген сыңайлы. Соңғы аптада Босфор жағалауындағы өмір тыныштыққа бөленген. Стамбулды қызықтауға келетін туристтер жоқ, миллиондаған халық коронавирустың кесірінен үйлерінде оқшаулануда.
Бұған дейін де тарихи аудандардың жағалауында дельфиндерді жұртшылық байқаған көрінеді. Ол жерде көптеген балық тағамдарын дайындайтын кафелер мен мейрамханалар толассыз жұмыс істеп, туристтердің сүйікті мекеніне айналған болатын.
Әлемді шарлаған індеттің таралуына, әрі елдегі карантин кезінде үйлерінде оқшаулануына байланысты қала ауасының біршама тазарғандығын тұрғындар байқаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close