Жаңалықтар

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты

0
(0)

Дүниежүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты. Бұл туралы 25 сәуірде америкалық Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Университет мәліметтері бойынша, COVID-19 індетінен әлемде 202 092 адам қайтыс болған. 810 мың адам вирустан құлан таза айықса, дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 2 881 546-ға жеткен.

Коронавирус ең көп тараған он ел:

АҚШ – 926 442 адам вирус жұқтырған, 52 мың адам қайтыс болған,

Испания – 223 759 адам вирус жұқтырған, 22 902 қайтыс болған,

Италия – 195 351 адам вирус жұқтырған, 26 384 қайтыс болған,

Франция – 159 952 адам вирус жұқтырған, 22 614 қайтыс болған,

Германия – 155 782 адам вирус жұқтырған, 5 843 қайтыс болған,

Ұлыбритания – 149 559 адам вирус жұқтырған, 20 319 қайтыс болған,

Түркия – 107 773 адам вирус жұқтырған, 2 706 қайтыс болған,

Иран – 89 328 адам вирус жұқтырған, 5650 қайтыс болған,

Қытай – 83 901 адам вирус жұқтырған, 4 642 қайтыс болған,

Ресей – 74 588 адам вирус жұқтырған, 681 қайтыс болған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close