Жаңалықтар

6 жылдан бері ұйқы жоқ: сап-сау бойжеткен төсекке таңылды

0
(0)

«6 жылдан бері ұйқы жоқ».  Достарына демеу, анасына қолдау,   қатарластарының алды болған елордалық Дариға  болашағынан  үлкен үміт күттірген еді.  Бос уақытында ерікті болып, мұқтаж жандарға үнемі қол ұшын созып жүрген.  Алайда жомарттығымен талайдың жүрегін елжіреткен Дариғаның өзі қазір көмекке зәру. Алты жыл бұрын ұйқы безінің қабынуымен ауруханаға түскен ол,  әп-сәтте төсекке таңылып, әлі күнге дейін тек батыр анасының арқасында ғана аман.   Дегенмен, қызының саулығы үшін күн-түн қасынан шықпайтын Ляззат апайдың халықтан көмек сұрауынан басқа амалы қалмапты. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ляззат АБЗУЛДИНОВА, Дариғаның анасы:
«Далада Дариғамен жасты қыздарды көргенде жүрегім ауырады тура бар ғой.   Ойлаймын менің қызым да осылай жүрсе екен деп…».

Алты жылдан бері қызынан бір қадам алыстамаған Ляззат апайдың бар арманы осы.   Жаратқаннан күні-түні сұлу қызының саулығын тілейді.

Ләззат АБЗУЛДИНОВА, Дариғаның анасы:

«6 жыл болды ұйқы жоқ. Бірінші жарты жыл вообще ұйықтаған жоқпын. 5-15 минуттан. Қазір қайта ұйықтайды. 3-4 рет оянады.  То ыстықтайды, то тонады, то жөтеледі, түнде трахеостомасын тазалаймын. Сонымен түні бойы жүріс, таңертен тұрсаң қайтадан осы».

2015 жылдың қаңтар айында осыған дейін денсаулығында еш кінәрат болмаған Дариғаның халі күрт нашарлап, ұйқы безінің қабынуымен ауруханаға түскен.

Ләззат АБЗУЛДИНОВА, Дариғаның анасы:

«Палатаға келсем, палатада жоқ. Реанимациядва дейді. Реанимацияға барсам, жүрегі тоқтаған 10 минутқа 3 клинический смерть болған. Легкий, печень, мынаусы мынау, анаусы мынау деп ішкі құрылысын бәрін айтып отыр. Мен айтам қалай кеше ғана жүгіріп жүрген бала, таңертен сөйлеп отырған бала, қалай жарты сағаттың ішінде адамның барлық жері құртылып кетеді?».

Дегенмен, бұл сұрақтың жауабын ақ халаттылар әлі күнге дейін таба алмай келеді.  Анығы, бейкүнә қыздың бүтіндей тағдыры әп-сәтте талқан болды.

Ләззат АБЗУЛДИНОВА, Дариғаның анасы:

«Тура бар ғой, қызыл ет аламыз ғой базардан, қып-қызыл ет болып жатты. Денесі сөйтіп шіріп жатты, тірідей шіріп жатты ғой. Екі айдан кейін алып кеттік. Үйге көтеріп алып келдік. Аяғымен барған баланы, қолға көтеріп алып келдік».

Дариға есеп-қисапты шемішкедей шағып,  болашақта экономист болуды армандапты.  Бос уақытын волонтерлік қызметке арнап, үнемі мұқтаж жандарға қол ұшын созып жүрген екен.

Ләззат АБЗУЛДИНОВА, Дариғаның анасы:
«Донор болып жүретін. Октябрьда как раз ауырғанның алдында қан тапсырып қыздармен бірге. Волонтер болып сөйтіп жүретін ылғи. Анаған көмектестім, мынаған көмектестім. Бір жерге жазылып, барып. Қазір да Дариға сияқты қыздар келіп көмектесіп жүр бізге».

Дәрігерлер де қолдан келгенше көмектеседі екен. Батыр ананың №11 қалалық емхананың ақ халаттыларына алғысы шексіз.

Эмина ІЛИЯСОВА, №11 Қалалық ауруханасы бас дәрігерінің  емдеу және профилактикалық аурудың алдын-алу бойынша Орынбасары:

«Қазіргі күні Дариғаның мамасы және №11 қалалық емхананың ұжымы көмек сұрайды. Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен қазіргі күні жұмыс комиссиясы құрылып,  Дариға сияқты науқастарды  шетелге емдеуге жіберуге құжаттамалары дайындалуда».))

Вегетативтік халдегі науқастарды әзірге тек Түркия елінде ғана емдейді екен.  Ал оған 21 млн 700 мың теңге керек. Әрине, мұндай сомманы қарапайым отбасының қалтасы көтермейді.

Ләззат АБЗУЛДИНОВА, Дариғаның анасы:

«Қазір Турцияға сеніп отырмыз. Мен білем тұрып кетіп, жүгіріп кетпейді ғой. Бірақ может ондайда болады.  Өйткені былай бәрін сезіп жатыр, естіп жатыр. бәрін түсініп отырған сияқты да. Хотя бы былай кішкене на контакт, айтып, көзімен бірдеңе нетсе, сосын әрі қарай жеңіл болатын сияқты, бері қарай шығарып».

Ляззат Абзулдинова, Дариғаның анасы:

«Мама сен менің балаларымды қарап бересің бе деп сұрайтын бұрын, мен айтам әрине қарап берем, куда я денусь деп. Соның бөпелерін тосып отырмын енді.  Көпшілікке көп ризамын. Адамдар звандап жатыр, жазып жатыр. Бәрі желаю здоровье деп. Соған кеше оқып жылағым келіп кетті. Өзіме-өзім жаным ашып кетті. Осындай жағдайға келіп, халықтан ақша сұрап отырамын деп ешқашан ойлаған жоқпын».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button