Жаңалықтар

Республика күніне орай «Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

Республика күніне орай композиторлар мен ақындар арасында өткен балалар әні мен поэзиясына арналған (әндер, поэмалар, өлеңдер) «Жас өрен» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған конкурс 2022 жылдың 15 шілдесі мен 15 қазаны аралығында өтті.

Президент жариялаған биылғы Балалар жылында өткізілген мәні зор бұл жобаның басты мақсаты – балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар әндері мен өлеңдерінің репертуарын толықтыру, сондай-ақ еліміздегі балалар композиторлары мен ақындардың шығармаларын бала-бақшалар мен мектептерге, балалардың музыка мекемелеріне, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық кітапханаларға дейін қолжетімді қылу арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.

Бұл ретте, Отанға қызмет ету, ел мен жерге деген жоғары патриоттық сезімді қалыптастыратын өнер туындыларын шығару және осы арқылы ұлттық руханиятқа үлес қосқысы келетін отандық авторларды қолдаудың маңызы зор.

Қатысушылардың кәсіби білігі мен жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған аталған конкурс жоғары бәсекеге толы, тартысты өтті.

«QAZAQSTAN» телеарнасы арқылы көрсетілген конкурс туралы хабарлама – мектеп оқушыларынан бастап аға буынның өкілдеріне дейінгі қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды (барлығы 405 өтініш).

Бұндай құбылыс – қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысындағы өсуі мен өзін-өзі дамытудың кең етек алып келе жатқанын көрсетсе керек.

Байқауға ұсынылған 204 шығарманың 133 – поэзия, 71 –ән жанрында болды. Байқаудың қазылар алқасы құрамына еңбек сіңірген белгілі мәдениет пен өнер және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйым өкілдері кірді.

«Жас өрен» республикалық байқауының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік Гала-концертте өтеді деп жоспарлануда.

Аталған шара барысында жиналған жұртшылық конкурс лауреаттары мен дипломанттарының шығармаларымен таныса алады.

Фото: Baq.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.