Жаңалықтар

Ұлттық санақ-үкімет үшін сынақ

0
(0)

Келесі аптада елімізде халық санағы басталады.  Маңызды науқан 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн өткізілсе, 1-30 қазан аралығында санақшылар планшеттерді пайдаланып үй-үйді аралайды. Бұл жұмысқа 32 мың азамат тартылмақ. Ал санақ парақшасы 91 сұрақтан тұрады. Оның нәтижесі бойын ша білім беру, көші-қон, табыс, жұмыспен қамту, неке жағдайы, бала туу, бала тууды жоспарлау, тілдерді меңгеру дәрежесі, дінге көзқарас сияқты мәселелер бойынша толық ақпарат

жинақталмақ. Мұндай деректер мемлекеттік базаларда жоқ екен. Ал биылғы Ұлттық санақ бұрнағы жылдармен салыстырғанда арзанға түспек.

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасаған NewsRoom.kz. порталы хабарлайды.

Цифрлық технологиялардың енгізілуіне, процесті автоматтандыруға және қағаз құжаттың орнына планшеттерді қолдануға байланысты санақ 2009 жылғы санақтың шығындарына қарағанда 2,6 есе арзан. Бұл ретте деректердің сапасы мен ақпаратты жинау жеделдігі айтарлықтай жақсарады. Санақ аяқталған соң планшеттер мектептер мен ауруханаларға беріледі»,- дейді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов.

Десек те, Ұлттық санаққа сылбыр дайындалып жатқан өңірлерді де бар екен. Үкімет басшысы Асқар Мамин өңірлердің әкімдеріне дайындық қарқындығын арттырып, жағдайды жеке бақылауына алуды тапсырды.

«Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жұмысты дұрыс жолға қойған. Ал Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің жұмыс қарқыны жеткіліксіз. Өңірлердің әкімдері халық санағына дайындық барысын жеке бақылауға алсын,- ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button