Жаңалықтар

Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы туралы жаңа ақпарат пайда болды

4.2
(143)

Қазақстанның мемлекеттік премия лауреаты, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев ауыр халде деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ақпаратты композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев растады. Сөзінше, оның жағдайы кеше түнде нашарлап кеткен.

Алдымен Құдай, содан кейін дәрігерлер мен халықтың дұғасы көмектеседі деген үміттеміз. Менің әкем өмір бойы халық деп келді. Мұндай жағдайда отандастарымыз менің әкемінің жағдай жақсарса екен деп дұға ететініне сенеміз», – деді Біржан Хасанғалиев.

Бұған қоса, ол анасының халі жақсарып келетінін жеткізді.

Айта кетейік, Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер 10 сәуірден бері коронавируспен күресіп келеді. Бұған дейін, олардың жансақтау бөліміне түскені белгілі болған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 143

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button