Жаңалықтар

Әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс: Президент құмар ойындар туралы пікір білдірді

0
(0)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғауды тапсырды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

«Біз өскелең ұрпақты құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа әдістерді қолдану қажет.

Балаларға Құмар ойындар ойнауға тартатын немесе мүмкіндік беретін заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қажет болған жағдайда біз олардың лицензияларын қайтарып аламыз», – деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Бұған дейін Президент қазіргі әлемдік тәжірибеде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы әзірлеген 14 жаһандық индикатор бар екенін атап өткен болатын. Ол олардың негізінде адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын кезең-кезеңімен енгізуді ұсынды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button