Жаңалықтар

2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтеді

0
(0)

Президент өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту және жергілікті деңгейдегі сайлау институтын нығайту мәселесін де айналып өткен жоқ. Мұның бәрі ауылда, ауданда тұратын әрбір жан өзінің және отбасының болашағына өзі жауапты екенін сезіну үшін қажет екенін айтты.

«Мен былтырғы Жолдауымда Үкіметке Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл құжаттың жобасын Реформалар жөніндегі жоғары кеңес алдағы уақытта қарайтын болады», – деді Президент.

Сонымен қатар екінші жартыжылдықта мәселені кейінге ысырмай, тиісті заң жобасын дайындауға кірісуді тапсырды.

«Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін», – деді Тоқаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button