Әлем

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

Іс-шара барысында Омбыда тұратын қандастарымыздың Ана тілін үйрену мәселелері талқыланды.

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері және «Омбы қазақтары» газетінің редакциялық алқа мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының  Омбы қаласындағы Консулдығына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Омбы облысында тұратын қандастарымыздың Ана тілін үйрену мәселелері, бірлескен жобалар және басқа өзекті мәселелер талқыланып, қазақ тілін онлайн форматта оқу мүмкіншіліктері кеңінен таныстырылды.

Кездесу соңында Консулдықтың басшысы Ырысқали Дәуренбек шара қатысушыларын ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, қазақ тілін дамытуға және оның қолданыс аясын кеңейтуге, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін насихаттауға қосқан үлестері үшін мұғалімдер мен «Омбы қазақтары» газетінің редакциялық алқа мүшелеріне алғыс хаттарды табыс етті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.