Жаңалықтар

 Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
(0)

Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Петропавлда 26 сәуір күні оңтүстік-батыстан қатты жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Дауыл тұру ықтималдылығы – 90-95 %.

26 cәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Дауыл тұру ықтималдылығы – 95-100 %.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close