Жаңалықтар

Тіс жұлдырса ораза бұзыла ма?

0
(0)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі «тіс жұлдырса ораза бұзыла ма» деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тіс жұлдырған кезде тамаққа ештеңе өтпесе, ораза бұзылмайды. Бұған ханафи мәзһабына қатысты «Раддул мұхтар»Б атты кітабындағы мына сөз дәлел:

«Тістерінің арасынан қан шығып, тамағына барса, яғни ішке өтпесе, ауызы ашылмайды. Бірақ тамақтан ішке өтсе де, қан түкіріктен басым не бірдей болса, немесе қанның дәмін сезсе, ораза бұзылады. Егер қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды».

Еске сала кетсек, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді. Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.

«Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді», – деді бас мүфти.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close