Жаңалықтар

Дауысыңыз дайын ба? Белгілі алаштанушы сайлауға түспек

Танымал алаштанушы ғалым әрі публицист-жазушы Сұлтан Хан Аққұлұлы елімізде наурыз айында өтетін Мәжіліс сайлауына түспек. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жазды деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Төменде С.Аққұлұлының жазбасы толық беріліп отыр.

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР, АЛАШ ҰРПАҒЫ!

Мен, Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп, бүгін, 2023 жылдың 23 қаңтарында, Астана бойынша № 1 аймақтық (окружной) сайлау комиссиясына өзімді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тәуелсіз үміткер ретінде тіркеу туралы өтініш тапсырдым.

Алдағы кезекті кезектен тыс сайлау кешегі ЗҰЛЫМДЫҚ ИМПЕРИЯСЫ (СССР) мен адамзаттың, қазақтың қас жауы – КОММУНИСТІК ДИКТАТУРАДАН бізге мұра болып қалған ескі де жаңа биліктің «Еститін мемлекет» және «Жаңа Қазақстан» тұрғызамыз деген уәдесін орындайтын-орындамайтынын айқындайды деген оймен, мен сайлауға үміткер болып қатысуға бел будым.

АҚОРДА мен ол тағайындаған жергілікті ӘКІМДЕРДІҢ САЙЛАУ БАРЫСЫНА ЗАҢСЫЗ АРАЛАСАТЫНЫНА, бұрынғыдай өрескел болмаса да, ӘКІМШІЛІК РЕСУРСТЫ ҚОСЫП, САЙЛАУ НӘТИЖЕСІН биліктің қолынан жем жеген ҮМІТКЕРЛЕР МЕН БИЛІК ПАРТИЯЛАРЫ ТІЗІМДЕРІНІҢ ҮЛЕСІНЕ ҚАРАЙ БҰРМАЛАЙТЫНЫНА ЕШ КҮМӘН ЖОҚ. Бірақ БИЛІК БҰҚАРА ХАЛЫҚТЫҢ 2019 жылдың ерте көктеміне дейінгі ҮРКЕК, ҚОРҚАҚ, ЖІГЕРСІЗ ТОБЫР ЕМЕС ЕКЕНІН ҰМЫТПАУЫ КЕРЕК. Бұл – өзі сайламаған билікке қарсы шыққан бейбіт наразылығы 2011 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ЖАҢАӨЗЕНДЕ, 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА бүкіл Республикада АЯУСЫЗ ҚАНТӨГІСПЕН БАСЫП-ЖАНШЫЛҒАН ХАЛЫҚ.

Ия, бейбіт наразылық аяусыз қантөгіспен басып-жаншылды, бірақ одан ХАЛЫҚТЫҢ АСҚАҚ, АЗАТ РУХЫ су сепкендей өшкен жоқ, басылған жоқ.

САЙЛАУ НӘТИЖЕСІН БҰРМАЛАУ – ол БИЛІКТІ БАСЫП АЛУ мен УЗУРПАЦИЯЛАУ! Ендеше біз, ХАЛЫҚ, ешкімнің БИЛІКТІ  БАСЫП АЛУЫ мен УЗУРПАЦИЯЛАУЫНА бұрынғыдай жол бермеуіміз керек.

Биліктің жалғыз көзі – ХАЛЫҚ! – деп Ата заңымызда ойып жазылған. Ендеше өз билігімізді бұрынғыдай ұстағанның уысында, тістегеннің ауызында кете беруіне жол бермейік, өзіміз ҚАЛАҒАНЫМЫЗДЫ САЙЛАЙЫҚ!

Біздің БАҚЫТТЫ ДА КЕМЕЛДЕНГЕН БОЛАШАҒЫМЫЗ, еліміздің ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ, ТАМЫР-ТАНЫСТЫҚСЫЗ, РУШЫЛ-ЖҮЗШІЛСІЗ және КЕЛЕШЕККЕ АЛАҢДАМАЙ АДЫМДАП ДАМУЫМЫЗ БЕН ГҮЛДЕНУІМІЗ өз қолымызда!

БІЗДІҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.