Жаңалықтар

Түтінсіз болашақ: шындық пен келешек

Зиянды азайту тұжырымдамасы зияны көбіректі зияны азыраққа алмастыруға негізделген және баламаларды аз салық салумен және басқа шаралармен қолдайды. Ол темекі өнімдеріне де қолданылады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жетекші темекі өндірушілер түтінсіз болашаққа ұмтылады және темекі өндіруден біртіндеп бас тартып келеді – неге бұл маңызды екенін «Филип Моррис Интернешнл» (PMI) компаниясының вице-президенті Томмазо Ди Джованни айтып өтті.

– «Түтінсіз болашақ» – «Филипп Моррис» темекі сатқан ондаған жылдардан кейін бұл қандай көрініс және неге сіз үшін соншалықты маңызды?

– «Түтінсіз болашақ» көмегімен біз темекіні жану процесі болмайтын зияны азыраққа алмастыруды қалаймыз, мысалы, электрондық темекі және қыздырылатын темекі. «Түтінсіз болашақ» бізге тәуелділікті тудыратын және күрделі ауруларға әкелетін темекі шегудің зияны туралы қоғамның алаңдаушылығына жауап беруге мүмкіндік береді. Сонымен, бұл тек бизнес үшін ғана емес, этика мен жауапкершілік тұрғысынан да маңызды. Бұл бәріне ұтымды тәсіл – бізге де, қоғамдық денсаулық сақтауға да.

– PMI темекі мен түтінсіз өнімдер үшін акциздердің бөлінгенін қолдайды. Жаңа технологиялар әлі аз зерттелген, нәтижесінде олар темекіден де зиянды болып шықса ше? 

– Әр түрлі өнімдерге әр түрлі салық салынуы керек деген идея – біздің идеямыз емес. Шындығында, біз оны қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы артып келе жатқан сарапшылардан қабылдадық.

Мысалы, Еуропалық Одақ әртүрлі тәсілдер, соның ішінде сараланған салық салу арқылы ішкі жану қозғалтқышы бар көліктерден электрокарларға ауысуды алға тартады. Бұл дұрыс тәсіл көптеген индустрияда қолданылады. Неге біз темекі мен никотинге келгенде тәсілдің дұрыстығына әлі күнге дейін күмәнданып келеміз деген сұрақ туындайды?

Жақында Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Денсаулықты жақсарту жөніндегі кеңсенің баяндамасы жарияланды, онда түтін шығармайтын өнімдер туралы өте нақты айтылған. Қыздырылатын темекі аэрозолінде зиянды қосылыстардың деңгейі темекі түтініндегісіне қарағанда 90-95% төмен. Түтінсіз құрылғылар темекі шегудің ең жақсы баламасы болып табылады және бұл біздің компанияның зерттеулерімен ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша жүздеген тәуелсіз зерттеулермен, соның ішінде Нидерландыдағы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институты, Бельгиядағы Денсаулық сақтау жөніндегі жоғарғы кеңесі, Германиядағы Денсаулық сақтау институты, АҚШ Өнімдер мен дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы (FDA) сияқты ұлттық денсаулық сақтау органдарының зерттеулерімен расталады.

Оннан астам клиникалық зерттеулер біздің ҚТЖ-ға ауысқан темекі шегушілердің денсаулық жағынан жақсаруы темекіні толығымен тастаған адамдарға жақын екенін көрсетті. Мұны тәуелсіз зерттеулер, соның ішінде мемлекеттік зерттеулер де растады.

– Темекі вейптері Қазақстанда танымал болғаны соншалық, оларды жасөспірімдер қолдана бастады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл құбылысты «эпидемия» деп атады және вейптерге тыйым салуды ұсынды. Сіз бұған қалай қарайсыз?

– Жастар мен барлық темекі шегушілер никотин өнімдерін тұтынудан бас тартуы керек. Темекіге қарағанда жақсырақ болғанына қарамастан, түтінсіз өнімдер денсаулыққа белгілі бір қауіп төндіреді.

Біз өнімдеріміздің темекі шекпейтіндер мен жастар үшін қызықсыз екеніне сенімді болуға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды енгіздік. Сондай-ақ бізде өнімдерді сатудың бірқатар қатаң ережелері бар. Біз кәмелетке толған темекі шегушілерге ден қоямыз.  

Біз өнімдерді дұрыс реттеу және құрамында никотин бар өнімдерді кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салатын заңдардың орындалуын бақылау қазіргі бар мәселені шешуге көмектесетінін жақтаймыз. Тыйымдар, керісінше, әрқашан тиімді бола бермейді. Электрондық темекі мен вейптерге тыйым салу арқылы үкіметтер темекі шегушілерді темекіні тастауға ынталандыратын әлеуетті зияны азырақ баламадан айырады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.