Жаңалықтар

Қызғаншақ ер кісі әйеліне жұмысқа барарда сымтемір ішкиім кигізіп жіберген

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында қызғаншақ еркек әйелін жұмысқа барарда сым темірден тоқылған ішкиім кигізіп жіберіп жүрген. Бұл туралы аудандық «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі Марат Тарақтиев мәлімдеді, деп newsroom.kz хабарлайды aikyn.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Сүйемелдеу қызметі секторы меңгерушісінің сөзінше, жаға ұстатар жағдай Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінде болған. Өзге ер азаматпен жыныстық қатынасқа түсіп қоюы мүмкін деп өз жарынан күдіктенген еркек түнгі кезекшілікке түсетін жұбайын осылай қорлап келген.

«Әйелін соншалықты қызғанғандығы, әйеліне сым темірден ішкиім тоқып берген пласкугубцымен. Жұмысқа кетеді, жұмыстан келгеннен кейін шешіп алады. Үлкен дәретке бармайды, кіші дәретке бармайды. Міне, күйеуінің санасына жеткен нәрсесі»,- дейді Марат Тарақтиев.

Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі сөз болған жиында сектор меңгерушісі алаяқтықтың шегіне жеткен жайттарды да  баяндап өтті. Мәселен, осы ауданда тұратын бес баланың анасы жас жігіттерді алдау арқылы екі рет тұрмысқа шыққан. Әлеуметтік желі арқылы бойдақ жігіттердің сеніміне кіріп, алдап-арбау арқылы ол қалыңмалдың ақшасына қызыққан көрінеді. Шындығында, екі рет күйеуге шығып жүрген көпбалалы ана Жібек жолы ауылдық округінде бір әулеттің келіні болған.

«Жыл басынан бері ауданда 88 тұрғын зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, аталған орталықтан көмек сұрап келген. Оның 74-і әйел, 14-і ер-азамат. Ал, Жібек жолы ауылдық округінің өзінен 15 нәзік жанды тұрмыстық зәбір көріп, ауруханаға түскен»,- дейді Марат Тарақтиев.

Фото: aikyn.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.