Жаңалықтар

Танымал журналист жаңа лауазымға тағайындалды

 Осы уақытқа дейін Ерболат Мұхамеджан «Atameken TV» арнасы бас продюсерінің орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Елордада Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысы өтті. Қауымдастықтың құрамына еліміздің 11 жоғары оқу орны кіреді.

Жиын барысында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан бірауыздан Академиялық адалдық лигасы Кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Академиялық адалдық лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде жаңа басшы Лиганың дамуына қатысты көзқарасын білдірді: «Менің ойымша, Академиялық адалдық лигасы тек академиялық сапасы жоғары және кез келген академиялық әділетсіздікке жол бермейтін университеттермен ғана байланысты болуы керек. Лига ҚР Білім және ғылым министрлігінің сапасыз жоғары оқу орындарын жабу мен сұранысқа ие емес мамандықтардың лицензиясын қайтару бойынша қазіргі саясатын қолдайды».

Кеңес төрағасы жоғары білім саласындағы мәселелерге қоғамның назарын аудару үшін бар күшін салып, медиа саласындағы кәсіби тәжірибесін барынша пайдаланатынын айтты. Сондай-ақ Академиялық адалдық лигасын жоғары білім саласындағы кез келген өзгеріске дайын бренд ретінде қалыптастыратынын мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін Ерболат Мұхамеджан «Atameken TV» арнасы бас продюсерінің орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі және ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

Анықтама. Академиялық адалдық лигасы – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Лиганың басты мақсаты – академиялық адалдық қағидаттарын алға қою арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыру. Қауымдастық 2018 жылы АҚШ-тың жекеменшік университеттері мүшелік ететін танымал «Лига Плюща – The Ivy League» үлгісі бойынша құрылған болатын.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.