Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда New York Film Academy филиалын ашады

0
(0)

Қазақстанда кино саласындағы әйгілі жоғары оқу орны – New York Film Academy-дың филиалы ашылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық музей директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Қазіргі мақсатым – атақты Нью Йорк кино академиясының филиалын Қазақстанда ашу. Келіссөздерге бір жарым жыл кетті. Өте қиын келіссөз жүрді. Көптеген құжаттарды жинадық. Бағдарлама дайын. Қазір Үкіметке арнайы хатты кіргіздік. Енді Үкіметтің шешімі мен Білім және ғылым министрлігінен лицензия алсақ жеткілікті», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

New York Film Academy-дың Қазақстандағы жұмысы NYFA мен Қазақ ғылыми-зерттеу институтының арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асады. Оқу орны ғимараты Алматы қаласында салынып, оған
«Қазақ кино және TV академиясы» деген атау берілмек.

Студенттер келіссөз бойынша бір жарым жыл Алматыда, бір жарым жыл Америкада оқиды. Лос-Анджелесте, Нью-Йоркта, Майамиде филиалдары бар. Оқуды аяқтаған соң New York Film Academy дипломы беріледі. Тағы бір пайдасы – бізде ашылған соң Қазақстанға Американың үлкен кинокомпаниялары келе бастайды. Сонымен бірге шетелден бізге оқуға студенттер ағылады. Себебі академияны Орта Азияда бірінші болып ашқалы жатқан біз. Оқу ақысы қымбат болады. Ұстаздардың 90%-ы АҚШ-тан келеді»,- деп түсіндірді экс-министр.

Айта кетейік, New York Film Academy АҚШ-тан бөлек тек Францияның Париж, Италияның Флоренция қалаларында филиалдарын ашқан. Сондықтан Қазақстандағы филиалға Үндістан, Түркия, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыстан студенттер тартылады деп күтілуде.

АҚШ-та 1992 жылы жұмысын бастаған жетекші оқу орнында кино және ТВ режиссері, актерлық шеберлік, продюсерлік, фотография, графикалық дизайн, тағы басқа мамандықтар оқытылады.

Айта кетейік, еліміздегі Айсұлтан Сейтов, Фархад Шарипов, Қанат Бейсекеев, Олжас Нұрбай секілді белгілі режиссерлер осы академияның түлектері.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button