ӘлемдеЖаңалықтар

Моңғолия Гоби шөлінде Марсқа ұшатындарға арнап база салмақшы

3.4
(9)

Моңғолия жастары бірігіп Mars-V жобасын жүзеге асыра бастады. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Turkystan.kz-ке сіілтеме жасап хабарлайды. 

Олар екі жылдан бері адамдарды Марсқа ұшуға үйрету үшін Моңғолияның Гоби шөлінде оқу базасы мен еркін ғарыштық зерттеу аймағын құру бойынша жұмыс істеп жатыр.

Нәтижесінде, Моңғолия жылына орта есеппен 20 млрд төгрөг (2,8 млрд теңгеден астам) пайда түседі деп болжайды. Әлемдегі ең суық шөл Моңғолияда -42 градус. Халықаралық ғалымдар бұл Марстағы жағдайға ұқсас екенін растады. Марсты игеру – адамзаттың жақын аралықтағы мақсаты. «Mars-V» жобасы ғарышты бағындыру туралы армандарын орындау үшін адамдарды Марсқа ұшуға дайындайтын ортаны құруға бағытталған. Оның экономикалық пайдасы да зор.

Жобаны зерттеуге 200-ден астам жас жұмыс істеді және 2800 адам өз еркімен жұмыс істеуге ниет білдірді.

Mars-V жобасының атқарушы директоры Г.Амгаланбаярдың сөзіне қарағанда, Марсты олар Моңғолия шөлі деп таныстыра алатындарын айтады.

Адамдар Марс туралы сөйлескенде, ғарыш туралы және өте алыс, орындалмайтын арман секілді айтады. Шын мәнісінде ол бізге ең жақын. Біз білмегенді істемейміз, бар дүниені әлемге ұсынамыз. Біз Марсқа барғысы келетіндерге арнап жаттығу базасын және Марста тіршілік етуге бейімделгісі келетін жандарға арнап арнайы база құрамыз. Біздің елде басқа елдер жасайтын нәрсені жасау арқылы әлемде бәсекелесу үшін ресурстар шектеулі. Бірақ оның артықшылығын пайдалану ғылымға да, экономикаға да тиімді – дейді ол.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 9

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button