ЖаңалықтарҚоғам

Депутаттар Жаңатастағы қайғылы оқиғаға қатысты Асқар Маминге сауал жолдады

1
(1)

Мәжіліс депутаты Фахреддин Қаратаев үкімет басшысы Асқар Маминге Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Петропавл қаласында болған қайғылы оқиғаларға қатысты депутаттық сауал жолдады.

– «Тас түскен жеріне ауыр» демекші бұл жағдай барша қазақстандықтың қайғысы. Өрт салдарынан жазықсыз нәрестелерінен және азаматтарынан айырылып қалған жақындарына депутаттар атынан қайғырып көңіл айтамыз. Кінәсіз қайтыс болған балаларымыз бен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін кім жауапты деген сұрақ баршамызды ойландырады. Осы оқиға тиісті жергілікті атқарушы органдарға үлкен сабақ болуы қажет. Біздің тұрғындарымыз қашанғы оттың астында қала беруі керек? Балалардың өлімі үшін кім жауапты? Ертеңгі күні бұндай жағдайларға тап болмауымызға кім кепіл?, – деді Фахреддин Қаратаев.

– 2020 жылдың тоғыз айында елімізде тоғыз мыңнан астам өрт болды, 228 адам қаза тапты, жарақат алғандар – 217 адам. Төтенше жағдайлар министрлігі қыс маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатқандығы туралы мәлімдеді. Олардың мәліметтері бойынша, жұмыстардың барлығы аяқталып, кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар берілген. Алайда, орын алып отырған қайғылы оқиғалар істеліп жатқан профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз екендігін көрсетті, – дейді депутат.

Осыған байланысты депутаттар Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беруді және осындай жағдайлардың алдын-алып ерекше бақылауға  алуды сұрады.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, профилактикалық жұмыстарды, өрт  қауіпсіздігін бақылау және алдын алу шараларды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстарды жүргізуді ұсынды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button