ЖаңалықтарМәдениет/Тарих

Бүгін М. Өтекешованың туған күні немесе «Қыз Жібек» туралы 10 дерек

3.9
(134)

«Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлі арқылы қазақ кинематографиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Меруерт Өтекешованың бүгін туған күні. Ол 69 жасқа толып отыр, келесі жылы қайталанбас дарын иесінің 70 жылдығы деп жазады Newsroom+ақпарат агенттігі.

Меруерт Қаратайқызы Оралда туған. 1982 жылдан Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі, 1978 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанған. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.

Осы орайда, назарларыңызға «Қыз Жібек» фильмі туралы 10 деректі ұсынуды жөн деп отырмыз.

1. «Қыз Жібек» – қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан болғанымен, аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Осының негізінде қазақ кино өнерінің бірегей туындысы жарық көрді.
2. Фильм режиссері Сұлтанахмет Қожықов. Ол аталмыш туындыны 1969-1970 жылдары түсірген.
3. Екі сериялы фильм премьерасы 1972 жылдың 18 қыркүйегінде өтті.
4. Фильмның жалпы алғандағы ұзақтығы – 145 минут.
5. «Қыз Жібектің» сценариін қазақтың танымал жазушысы Ғабит Мүсірепов жазған.
6. «Қыз Жібек» фильміне Нұрғиса Тілендиевтің өзі композитор болған. Көгілдір экранда қос аққудың мойындары түйісетін сәт, ұлы күйшінің «Ақққу» күйін мегафон не дауыс күшейткішпен қойған сәтте кадрға алынған деген деректер бар.
7. Фильмге танымал кино маманы Асхат Ашрапов операторлық етті. Ол Башқұрт АССР туып, осы республиканың киностудиясын құруға атсалысқан.
8. Аталмыш фильм 1972 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.
9. 1972 жылы Тбилиси қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Үздік көркемдік шешім» номинациясы бойынша жеңімпаз аттанды.
10. «Қазақфильм» рейтингі бойынша «Қыз Жібек» 7,8 млн көрермені және 331 копиясымен 8-ші орынға тұрақтаған екен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.9 / 5. Бағалар саны: 134

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button