Жаңалықтар

Үкімет «жаңа тұрғын үй саясатын» енгізбекші

0
(0)

 Зейнетақы қорынан беріліп жатқан қаржының буымен аспандаған баспана құнын Үкімет  сабасына түсірмекші. Ол үшін «Жаңа тұрғын үй саясаты» атты бағдарлама қабылданатын болды.   Енді  әкімдіктердегі тұрғын үй кезектері  елдегі бір банктің қолына шоғырланады.  Ол кімнің банкі, бұл шараның жылдап үй күтіп жүргендерге не  пайдасы бар? Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоз-тозы шыққан ауылдағы жұмыссыздықтан қашқан қазақ екі қолға бір күрек іздеп облыс орталықтарына, Алматы мен астанаға көшеді. Бірінің баспана сатып алуға жағдайы бар, кейбірі үкіметтен үй күтеді.  Қазір ел бойынша тұрғын үй кезегінде   жарты миллионнан астам адам тұр. Және ол жыл сайын 50 мыңға көбееді екен.  Яғни, бұл Қазастандағы әрбір сегізінші отбасы баспанаға мұқтаж деген сөз.  Бүгін Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов  «Жаңа тұрғын үй саясаты»  атты құжаттың нобайын әкелді».

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ  ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамыз ету жөніндегі орталық құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуға, сондай-ақ тұрғын үйдің  қолжетімді сатысына сәйкес тұрғын  үйдге  кезекке қойып-бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын болады».

Жоба авторлары бұл орталықтандыру пәтер бөлуде жемқорлыққа жол бермей, бәрін ашық түрде өткізуге мүмкіндік береді дейді.  Ол үшін  17 ақпараттық база біріктірілмекші. Бұдан былай  әкімдіктерге құрылыс  компаниясына тиесілі  жерді мектеп пен аурухана сынды әлеуметтік нысан үшін  сатып алуына рұқсат берілмекші. Оның орнына бизнесменге басқа жерден телім берілетін болады. Болмаса жер құны өтеледі.   Сондай ақ, ақшасын құрылысқа  салғалы жүрген болашақ  үлескерлерге алтын сырға.

«Бәйтерек»  ҰБХ АҚ басқарма Төрағасы:

Жосықсыз құрылыс салушылардың  заңнаманы бұзуы жеке проблема болып табылады. Өткен екі жылда осындай 123 компания анықталды. Қаржылық тұрақсыз компаниялар сапалы және арзан тұрғын үйге уәде бере отырып, әр түрлі коопертивтер, салымдар жарналар арқылы тұрғындардың ақшасын тартады. Алайда сол құрылыстың аяқталуына ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан құрылыс  компанияларының рейтингін енгізу керек».

Қазір «Отбасы банкінде» 2 миллиондай адам пәтерге ақша жинап жатыр  екен.  Десек те кезекте тұрғандардың әрбір оныншысы пәтерді астанадан алуға үмітті. Былтыр осындай  7 мың  елорадық отбасы қоныс тойын тойлаған. Биылғы меже  10 мың.   Қала әкімі Алтай Көлгінов бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жақсы жаңалық жеткізді.

Алтай КӨЛГІНОВ, қала әкімі:
«Әлеуметтік пәтер алушылардың санатын кеңейттік,  тек мұғалім мен медицина қызметкерлері ғана емес,   төтенше жағдай, тәртіп сақшылары , мәдениет және  спорт қайраткерлері өтініш бере алады. Бір мыңға жуық жалдамалы пәтер қарастырылып, 526  пәтер берілді.  Бастапқы жарнасы үйдің бір процентін құрайды, кейін үй жекешелендіреледі».

Қала әкімі Үкіметке жеке  құрылысшылардың назын жеткізді. Егер «Отбасы банкі» құрылысқа аванс беретін болса, олардың саны көбейеді екен.  Бұл нарықта бәсекелестік артып , пәтер құны арзандауы мүмкін деген сөз.

Жаңа  құжаттың басты мақсаты – бір адамға 30 шаршы метр тиесілі болатындай етіп қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету. Қазір астананың  бір бөлмелі үйлерінде   10-15 адамға дейін тұратын жағдайлардың кездесетінін ескерсек, үкіметтің бұл жобасына «әумин» деуден басқа тілек жоқ.  Оны іске асыру үшін 30 түрлі заңға өзгеріс енгізілмекші. 25 наурыз күні Атамбаевтың министрлігі  құжатты депутаттардың алдына әкеледі».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button