ЖаңалықтарҚоғам

Жаңатастағы қайғылы оқиға. 5 қыздың анасы қазақстандықтарға өтініш айтты

5
(1)


Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қайтыс болған 5 туыстары қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады. Бұл туралы «Хабар»агенттігі хабарлады.

– Кейбір адамдар пәтерде жылу болмаған, жылытқыштар қолданылған деп жазып жатыр. Мұның бәрі өтірік! Мұндай болған жоқ, болуы мүмкін емес еді, – деді 5 қыздың туысы Саидмұхаммед Әбдімәліков.

С. Әбдімәліков оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.

– Келін үйде балалармен отырған, ол дүкенге шығып кетті. Балалар сол кезде сіріңкемен ойнап, ойыншықтар жанған, – деп айтты ол.

Еске сала кетейік,  Жамбыл облысы Жаңатас қаласы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болған. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 5 бала қалған.

Өрт болған уақытта үйдің отағасы жұмыста болғаны, ал анасы дүкенге шығып кеткені хабарланды. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, араға біраз уақыт салып көз жұмған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button