Жаңалықтар

Арман Қырықбаев: «Birgemiz» Қоры мұқтаж жандарға көмектесудің екінші кезеңін бастайды

0
(0)

Бүгін «Nur Otan» Төрағасының бірінші орынбасары, «Birgemiz» Қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек қасиетті Рамазан айының басталуымен жұртшылықты құттықтап, жағымды жаңалықпен бөлісті – деп жазды «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев өзінің фейсбук парақшасында.

Дүйсенбіден, яғни 27 сәуірден «Birgemiz» Қоры тарапынан мұқтаждарға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталмақ!

Айтылғандай, мүлдем көмек алмаған 210 мыңнан астам мұқтаж отбасы қамтылып, оларға 50 мың теңгеден аударылатын болады.

Осылайша «2-кезең неге басталмай жатыр?», «Тезірек басталса екен» деген отбасылардың тілегі орындалды.

Сонымен бірге азық-түлік себеті мен атаулы көмек көрсету де өз жалғасын табады. Қасиетті айда қиналғанға демеу, жабыққанға жебеу болатын қайырымды жандар қатары арта түсетініне сенімдіміз.

Жаратқан елімізге жар болсын!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close