Полиция Ернар Айдарды тұтқындады

 1,289 

Әнші Ернар Айдар карантинді бұзды. Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.  

Қалалық полицияның хабарлауынша, Ернар Айдар және тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, ұтыс ойнатып, тікелей эфир жүргізген.

«Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Негізгі іс осы бөлімде. Полиция өз құзырында бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға тек карантин режимін бұзғаны үшін шара қолдана алады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды», – деді Медеу ауданының полициябасқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Істердің материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген. Төтенше және карантиндік режимді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Ол үшін 10 АЕК-тен айыппұлдан бастап, 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы беріледі.

Бөлісу: