ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз

Димаш коронавирус жұқтырған

0
(0)

Қазақстандағы ең бай жас бизнесмен, сонымен қатар ең бай әулеттің мұрагері, модель, танымал блогер Димаш Әділет коронавирус жұқтырды, –  деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Бір ай бойы әлеуіметтік желілерде көрінбей қалғандықтан, денсаулығыма алаңдаушылық білдірген екенсіздер. Қазір жағдайым жақсы. Бір ай алдын коронавирустың симптомдары пайда бола бастаған. Кейбір араласқан адамдардан кейінірек жұқпалы індет оң нәтиже көрсеткендіктен, Женевадағы аурухана тексерілуге бардым. Алайда тест сынамаларының жетіспеушілігінен тапсыра алмадым. Жасым 65 тен аспағандықтан және тума ауруларым жоқ болғанына қарамастан, дәрігерлер коронавирус жұқтырды деген қорытындыға келді», – деп жазады ол.

Швейцария мен Қазақстандағы ең атақты ер азаматтар қатарынан көрінетін Димаш Әділет facebook, Instagram желілерінде дәулетті, интеллектуал, ақсүйектікке тән кірпияз образбен танылып, әрқандай тақырыпта ұдайы өз пікірін бөлісу арқылы оқырмандарына танымал болған. Қазіргі уақытта оның әлеуметтік желіде 1 миллионнан астам оқырманы бар. Оған Швейцария мен Қазақстанда ықпалды жас маманы атағы берілген.

Оның жеке өмірі туралы деректер аз. Анасы 1975 жылы туған Валентина Дурумбетова «Құрақ көрпе» фильміне түскен актриса. Әкесі ең бай әулеттің мұрагері болуы мүмкін деген болжам бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close