Жаңалықтар

ШҚО-дағы өртті сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді

0
(0)

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданындағы өртті сөндіру үшін әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді, – деп хабарлайды NewsRoom+  ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ми-26Т тікұшағы бір мүмкіндікте 10 тонна суды төгуге қабілетті.

Сонымен қатар, Қазақстанның төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, қарағайлы ормандағы өрт ошақтарын тез арада оқшаулау және сөндіру үшін құтқарушылар мен техникадан басқа жеке құрам да көмек көрсетуге жіберілген.

«Сағат 07:45-те Көкшетаудан суағар құрылғысы бар әлемдегі ең үлкен Ми-26Т тікұшағы ұшып кетті. Борт бір ретте салмағы он тонна суды шаша алады. Сонымен қатар, бортында Көкшетау гарнизонының жеке құрамының 30 адамы бар, олар өртті сөндіруге тікелей қатысады», – делінген ТЖК хабарламасында.

Айта кетейік, Ми-26  –  көп мақсатта қолдануға арналған ресейлік ауыр көлік тікұшағы. Әлемдегі ең ірі сериялық шығаратын көлік тікұшағы болып табылады. 20 тоннаға дейін техника мен ірі габаритті жүктерді тасымалдауға қабілетті. Ми-26Т модификациясы өртті сөндіру үшін әзірленген, сонымен қатар жүктерді тасымалдау үшін де қолданылады.

Бұған дейін Семей орманында орын алған өртті өрт сөндірушілер тікұшақтармен сөндіруге кіріскені хабарланды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close